Теміржол вокзалында оқу-жаттығу өткізілді

Теміржол вокзалында оқу-жаттығу өткізілді

2026 жылғы 20 сәуірде Шымкент станциясының теміржол вокзалы аумағында аса қауіпті және карантиндік жұқпалы ауруға күдікті жағдай анықталған кездегі іс-қимылдарға арналған оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараны Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ұйымдастырды. Оқу-жаттығуға санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары, обаға қарсы күрес қызметі, жұқпалы аурулар ауруханасы, жедел жәрдем, көліктегі полиция, Қала маңы тасымалдары АҚ және басқа да ұйымдар қатысты. Қазақстан темір жолы ҰК АҚ филиалы тарапынан қолдау көрсетілді.
Қатысушылар күдікті жағдай анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмін пысықтап, қызметтердің үйлесімді әрекет етуге дайын екендіктерін көрсетті.