Теміржол вокзалы қызметкерлері мен жолаушылар арасында ақпараттық акция өткізілді

Теміржол вокзалы қызметкерлері мен жолаушылар арасында ақпараттық акция өткізілді

Дүниежүзілік иммундау апталығы аясында 2026 жылғы 14 сәуірде Шымкент бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары Түркістан теміржол вокзалы қызметкерлері мен жолаушылар арасында ақпараттық акция өткізді. Акция барысында жұқпалы аурулардан қорғану құқығы түсіндіріліп, иммундаудың алдын алудағы тиімділігіне ерекше назар аударылды. Вакцинация адамның өзін ғана емес, айналасындағыларды да қорғап, ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына ықпал ететіні атап өтілді. Сондай-ақ қызылшаның алдын алу және оны уақтылы анықтау мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға алдын алу шаралары, ауру белгілері және алғашқы белгілер байқалған жағдайда дәрігерге жүгіну қажеттігі туралы ұсынымдар берілді. Қатысушыларға ақпараттық материалдар (жадынамалар, лифлеттер, буклеттер) таратылып, барлық сұрақтарға толық жауап берілді.