Жаттығу дайындығы бойынша семинар-кеңес өткізілді

Жаттығу дайындығы бойынша семинар-кеңес өткізілді

2026 жылғы 24 сәуірде Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы теміржол, медицина және құқық қорғау органдарының қатысуымен семинар-кеңес өткізді. Тақырыбы – жолаушылар пойызында тырысқаққа күдікті науқас анықталған жағдайда қызметтердің өзара іс-қимыл тактикасын пысықтау. Семинар барысында күдікті науқасты анықтау алгоритмі, ақпаратты «тізбек бойынша» жеткізу, госпитализациялау, байланыста болғандарды оқшаулау және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Қатысушылар тырысқақтың клиникасы, алдын алу шаралары және әлемдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат алды.