Маймыл шешегінің алдын алу бойынша семинар өткізілді

Маймыл шешегінің алдын алу бойынша семинар өткізілді

СКК бөлімінің мамандары Мемлекеттік кірістер комитетінің «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлерімен «Маймыл шешегі: клиникасы және алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға маймыл шешегінің эпидемиологиялық ерекшеліктері, таралу жолдары, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, инфекциялық аурулардың алдын алу және халықтың санитариялық сауаттылығын арттыру мәселелері қарастырылды. Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасып, практикалық ұсыныстар алды. Өткізілген іс-шара жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында білім мен дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік берді.