Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді

Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді

2026 жылғы 17 сәуірде Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің қатысуымен Қарағанды-Сұрыптау және Қарағанды-Жолаушылар станцияларында санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг (СЭМ) жүргізді. Мониторинг қалалар мен станциялар тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоныстану аумақтарының бақылау нүктелерінде өткізілді. СЭМ-нің негізгі міндеттері — теміржол көлігінен туындайтын шу деңгейін бағалау және өтіп бара жатқан жылжымалы құрамдардың әсерінен атмосфералық ауаның ластану деңгейін анықтау. Сонымен қатар әсер ету факторлары мен ықтимал қауіптер туралы сенімді деректер жинақталып, алдын алу шараларының тиімділігін арттыру көзделді. Зерттеу нәтижелері бойынша шудың шекті рұқсат етілген деңгейінен асып кету және атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың жоғары концентрациясы анықталған жоқ.