
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті базасында мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Айта кету керек, 2026 жылы университетті 3001 түлек бітіреді, бұл аталған іс-шараны түлектерді жұмысқа орналастыру және денсаулық сақтау саласына кадр тарту тұрғысынан маңызды алаңға айналдырады.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зада Г.Н., Алматы бөлімшелік басқармасының басшысы Нургалиева С.М., сондай-ақ Алматы қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің басшысы Мирманова Р.Р. қатысты.
Іс-шара барысында түлектерге бос жұмыс орындары, мемлекеттік қызметке орналасу шарттары, сондай-ақ кандидаттарға қойылатын талаптар туралы ақпарат ұсынылды. Жәрмеңке қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесіндегі кәсіби даму перспективаларымен танысуға мүмкіндік алды.