Перрондық сумен жабдықтау нысандарында санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді

Перрондық сумен жабдықтау нысандарында санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді

2026 жылғы 10 сәуірде Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары «Вагонсервис» АҚ Алматы филиалымен ынтымақтастық аясында Шу станциясындағы перрондық сумен жабдықтау нысандарында санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізді.Мониторинг барысында 25 микробиологиялық және 25 санитариялық-химиялық су сынамасы алынды. Зерттеу нәтижелері бойынша су сапасы №26 санитариялық ережелер талаптарына сәйкес келеді. Сонымен қатар, қызметкерлер арасында «Қызылшаның алдын алу», «Сібір жарасы», «Тырысқақ», «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы» және «Жеке медициналық кітапша» тақырыптарында семинарлар мен дәрістер өткізілді.