«Салауатты жұмыс орындары» тақырыбында семинар өткізілді

«Салауатты жұмыс орындары» тақырыбында семинар өткізілді

2026 жылғы 9 сәуірде Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары кәсіптік, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу мақсатында «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында семинар өткізді.
Іс-шара «ҚТЖ ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының «Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны» қызметкерлері арасында ұйымдастырылды.
Семинар барысында инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, дәрістер оқылды.