
2026 жылғы 14 сәуірде Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «ҚТЖ» АҚ Қызылорда жол дистанциясы (ПЧ-57) жұмысшыларына семинар өткізді. Семинар мақсаты — жұмысшылардың денсаулығын сақтау және жақсарту, салауатты өмір салтын насихаттау, кәсіптік және созылмалы аурулардың алдын алу, еңбекке жарамсыздық шығындарын азайту. Салауатты жұмыс орны — денсаулықты нығайтуға, жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын алуға, сондай-ақ жұмыс жағдайын жақсартуға бағытталған орта. Еңбек қауіпсіздігі — қызметкерлерге қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету. Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына жауап алды.