Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша семинар өткізілді

Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша семинар өткізілді

2026 жылғы 14 сәуірде Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «ҚТЖ» АҚ Қызылорда жол дистанциясы (ПЧ-57) жұмысшыларына семинар өткізді. Семинар мақсаты — Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (ҚҚГҚ) туралы ақпарат беру, кенеден қорғану, табиғи ошақтарда қауіпсіздік ережелері мен мал күтіміндегі сақтық шараларын түсіндіру. Негізгі белгілері: ауру 1–7 күнге созылады, жоғары қызба, әлсіздік, бас және бұлшықет ауыруы, қан кету байқалады. Өлім көрсеткіші 10–40%. Сондай-ақ бет, мойын қызаруы («капюшон белгісі»), көздің қызаруы, жүрек айну, құсу, іш өту болуы мүмкін. Ауру көбіне сәуір–маусым айларында, кенелер белсенді кезде кездеседі. Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына жауап алды.