
Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2026 жылға арналған медиа-жоспарына және 2026 жылғы 30 наурыздағы №11 жедел мәжіліс хаттамасының 1.8 тармағын орындау мақсатында, 2026 жылғы 10 сәуірде «Теміржолсу-Қызыл-Орда» ЖШС су тоғаны мен өндірістік зертханасы қызметкерлері арасында семинар өткізілді.
Семинар барысында Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы мен кене энцефалитінің алдын алу шаралары, жұғу жолдары мен негізгі белгілері қарастырылды. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.