Су сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және профилактикалық іс-шаралар жүргізілді

Су сапасына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және профилактикалық іс-шаралар жүргізілді

2026 жылғы 2 сәуірде Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары «Вагонсервис» АҚ Алматы филиалымен жасалған ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Тараз станциясының перрондық сумен жабдықтау жүйесінде санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізді. Мониторинг ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы №26 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкестігіне тексеру мақсатында өткізілді. Зерттеу барысында микробиологиялық көрсеткіштерге 27 және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 27 су сынамасы алынды. Зертханалық зерттеулер белгіленген тәртіппен жүргізілді. Нәтижесінде алынған барлық су сынамалары қолданыстағы санитариялық талаптарға сәйкес келетіні анықталды, нормадан асу жағдайлары тіркелген жоқ. Сонымен қатар іс-шара барысында «Вагонсервис» АҚ Алматы филиалы қызметкерлері арасында қызылша, адам папиллома вирусы, туляремия және Конго-Қырым геморрагиялық қызбаның алдын алу бойынша семинарлар мен түсіндіру дәрістері өткізілді.