
2026 жылғы 07 сәуірде Ақтөбе қаласында Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы сібір жарасының алдын алу және аса қауіпті инфекциялар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – сібір жарасын қоса алғанда аса қауіпті инфекциялар анықталған жағдайда іс-қимыл алгоритмін пысықтау және тиісті қызметтердің дайындық деңгейін арттыру.
Іс-шара барысында шұғыл хабарлау, науқасты оқшаулау, жеке қорғаныш құралдарын қолдану және өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Семинарға медициналық ұйымдар, обаға қарсы станция, Ұлттық сараптама орталығы, полиция және басқа да қызмет өкілдері қатысты. Қорытындысында қатысушылар өзара іс-қимыл тәртібін талқылап, сұрақтарына жауап алды.