Атмосфералық ауаға мониторинг жүргізілді

Атмосфералық ауаға мониторинг жүргізілді

2026 жылғы 10 сәуірде Қарабас станциясында мониторинг жүргізілді.
Мониторингті Қарағанды көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы мамандарының қатысуымен жүргізді. Іс-шараның мақсаты – химиялық факторлар мен шудың халық денсаулығына әсері туралы шынайы ақпарат алу, жүргізіліп жатқан алдын алу шараларының тиімділігін бағалау және ықтимал қауіптердің алдын ала болжау. Мониторинг барысында теміржол көлігінің әсер ету аймағындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі, оның ішінде өтіп жатқан теміржол жылжымалы құрамдарынан бөлінетін ластаушы заттар қаралды.
Қатысушылар бақылау нүктелерінде қажетті өлшеулер жүргізіп, алынған нәтижелерді талқылады.
Зерттеу қорытындысы бойынша атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кету анықталған жоқ.
Жүргізілген мониторинг қоршаған ортаның тұрақты жағдайын растап, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді.