
Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Салауатты жұмыс орындары» жобасын іске асыру шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы — «Магистральдық желінің Жамбыл бөлімшесі» «Шу электрмен жабдықтау дистанциясы» қызметкерлерімен семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты — кәсіптік, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, қызметкерлердің денсаулығын нығайту және қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыру. Семинар барысында инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, дәрістер оқылды.