Жолаушылар вагондарын сумен жабдықтау нысандарына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді

Жолаушылар вагондарын сумен жабдықтау нысандарына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді

2026 жылғы 10 сәуірінде Сумен байланысты инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, уланулардың және инфекциялық, паразиттік әрі кәсіптік аурулардың өршуінің алдын алу мақсатында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) мамандарымен 2026 жылдың I тоқсанының соңында «Вагон-сервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының Қарағанды телімінде (бұдан әрі – Вагон-Сервис), Қарағанды-жолаушылар станциясындағы перрондық сумен жабдықтау нысанына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында микробиологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер жүргізу үшін су сынамалары алынды. Іріктелген сынамалар одан әрі зерттеу үшін «Қарағанды облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалына жеткізілді. Сонымен қатар, Вагон-Сервис қызметкерлеріне жолаушылар вагондарын сумен жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, қызылшаның алдын алу, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруларының профилактикасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпараттық материалдар жадынамалар мен буклеттер түрінде таратылды.