
2026 жылғы 18 наурызда Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Шалқар аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, Шалқар станциясындағы «Раушан» кафе-барының қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлердің қатысуымен семинар өткізді. Іс-шара барысында тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының алдын алу, сондай-ақ туберкулездің алдын алу мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға санитариялық талаптарды сақтау, жеке гигиена ережелері, тағам дайындау және сақтау тәртібі, сондай-ақ өндірістік бақылауды жүргізу талаптары түсіндірілді. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.