Этиологиясы белгісіз қызба жағдайында әрекет ету алгоритмін пысықтауға арналған оқу-жаттығу өткізілді

Этиологиясы белгісіз қызба жағдайында әрекет ету алгоритмін пысықтауға арналған оқу-жаттығу өткізілді

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылғы 12 ақпандағы «Оқу-жаттығу өткізу кестесін бекіту туралы» №36-НҚ бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында әуе көлігімен аса қауіпті инфекциялық аурулардың әкелінуі мен таралуына жол бермеу мақсатында, Шымкент қаласы халықаралық әуежайында әуе кемелерінің экипаж мүшелері мен жолаушылары арасында аса қауіпті және карантиндік жұқпалы ауруларға күдіктенгенде немесе анықталған жағдайда тиісті қызметтер мен ведомстволардың іс-қимыл жоспарын пысықтау бойынша 2026 жылғы 02 сәуірде сағат 11:00-де (жергілікті уақыт бойынша) Шымкент қаласы халықаралық әуежайында «Этиологиясы белгісіз қызба» тақырыбында оқу жаттығу өткізілді.

Іс шараға Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары, департаменттің мемлекеттік шекарадағы санитариялық қорғау бөлімінің басшысы, Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, ҚР Авиациялық әкімшілігі АҚ Авиациялық медицина департаментінің инспекторлары, дезинфекция орталығының бөлім басшыларымен Шымкент халықаралық әуежай қызметтер мен ведомстволар қатысты. Қатысқандарға оқу жаттығудың маңыздылығы, әуе кемелерінің экипаж мүшелері мен жолаушылары арасында аса қауіпті және карантиндік жұқпалы ауруларға күдіктенгенде немесе анықталған жағдайда қызметтер мен ведомстволардың іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.