
2026 жылғы 13 наурызда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС «Қызылорда» филиалының локомотив депосы қызметкерлері арасында «Салауатты жұмыс орындары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинар өткізді.
Семинарда салауатты жұмыс орнының мәні, оның денсаулықты сақтау, кәсіптік аурулар мен жарақаттардың алдын алу, еңбек жағдайын жақсарту, психоәлеуметтік факторларды дамыту, өмір салты мен мінез-құлыққа әсер ету т.с.с. түсіндірілді. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі, жұмыс берушінің міндеттері, қызметкерлердің құқықтары және міндеттері қаралды. Қатысушылар сұрақтарына жауап алып, тақырып бойынша буклеттер, ескертпелер, ақпараттық материалдар т.б. алды.