
2026 жылғы 13 наурызда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС «Қызылорда» локомотив депосы қызметкерлері арасында «Қызылша» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинар өткізді.
Семинар барысында қызылшаның белгілері, жұғу жолдары және алдын алу шаралары түсіндірілді. Қызылшаны жұқтырудың алдын алу үшін балалар мен ересектерді вакцинациялау маңызды екені айтылды. Балаларға жоспарлы вакцинация 12 ай және 6 жаста, ересектерге – тіркелген емхана арқылы тегін жүргізіледі. Қатысушыларға ақпараттық материалдар беріліп, сұрақтарына жауап берілді.