Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай акция өткізілді

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай акция өткізілді

2026 жылғы 12 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған айлық аясында Қостанай қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының көліктегі бөлімшесі №1 емханамен бірлесіп «Біз туберкулезді жеңе аламыз» тақырыбында акция өткізді. Іс-шараға теміржол ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Акция барысында туберкулездің белгілері, берілу жолдары және алдын алу шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ қатысушыларға скринингтік тексерулер жүргізілді (қан қысымы, қандағы қант пен холестерин деңгейі және т.б.). Қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылып, барлық сұрақтарға жауап берілді. Барлығы 17 адам қамтылды.