2026 жылғы 12 наурызда Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ борттық тамақтану цехының қызметкерлеріне «Тамақтан улану және жіті ішек инфекцияларының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында қатысушыларға Қазақстандағы және әлемдегі эпидемиологиялық жағдай, тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының белгілері және алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар қоғамдық тамақтану орындарында топтық уланудың негізгі себептері — қызметкерлердің медициналық тексеруден өтпеуі, жалған медициналық кітапшалар, санитарлық талаптардың сақталмауы екені айтылды.