Кене энцефалиті және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша семинар өткізілді

Кене энцефалиті және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша семинар өткізілді

2026 жылғы 11 наурызда ЖШС «Медицинский центр «Life»» медициналық пункт қызметкерлері үшін Қарағанды бөлімшелік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ақпараттық-түсіндіру семинарын ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – кене энцефалиті мен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары, негізгі белгілері және профилактикалық іс-шараларды күшейту мәселелерін талқылау.

Іс-шара барысында қатысушыларға кене энцефалитінің жұғу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары түсіндірілді. Семинар соңында барлық сұрақтарға толық жауап беріліп, пікір алмасу жүргізілді.