
2026 жылғы 11 наурызда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы теміржол станциялары маңындағы халықтың денсаулығына химиялық факторлардың әсерін бағалау және қоршаған ортаның жай-күйін бақылау мақсатында тұрақты мониторинг жүргізді.
Мониторинг «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалы мамандарының қатысуымен Саяқ және Балқаш станцияларындағы қоныстану аумақтарының бақылау нүктелерінде өткізілді. Зерттеу барысында теміржол көлігінің әсер ету аймағында атмосфералық ауаның ластану деңгейі мен шу деңгейі бағаланды. Зерттеу нәтижелері бойынша атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың концентрациясы мен шу деңгейі бойынша шекті рұқсат етілген нормадан асып кету анықталған жоқ.