
2026 жылғы 11 наурызда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары басқарма бақылауындағы медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне арналған онлайн семинар өткізді. Іс-шара ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – аса қауіпті инфекциялық аурулар бойынша мамандардың біліктілігін арттыру.
Семинар барысында қатысушыларға Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен кене энцефалитінің негізгі белгілері және алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.
Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасу өтті.