«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы іске асыру» тақырыбында семинар өтті

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы іске асыру» тақырыбында семинар өтті

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарын орындау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында 2026 жылғы 11 наурызда басқарма мамандарына арналған семинар өткізілді.

Семинарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысты. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы іске асыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою.