
2026 жылғы 10 наурызда Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының маманы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ борттық тамақтану цехының қызметкерлеріне «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шара 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында республикада өтетін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған алдын алу айлығы аясында ұйымдастырылды.
Семинар барысында қатысушыларға туберкулездің өкпені зақымдайтын, ауа-тамшылы жолмен берілетін жұқпалы ауру екені және оның толық бақылауда болатындығы түсіндірілді. Қазақстанда туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу толықтай тегін әрі мемлекет есебінен жүргізіледі.
2026 жылғы ұран:
«Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығы, инновация және халықтың күшімен!»
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық жадынамалар мен буклеттер таратылды.