
2026 жылғы 13 наурызда Астана қаласының санитариялық - карантиндік бақылау бөлімінің Қарағанды қаласы санитариялық-карантиндік бақылауының маманы «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ әуежайдың медициналық пукт мамандары және «Қарағанды» шекаралық бөлімінің қызметкерлері, «Әуежай-Қарағанды» кеден бекеті қызметкерлері, желілік полиция бөлімінің қызметкерлері арасында «Туберкулез ауруының алдын алу шаралары» тақырыбында семинар ұйымдастырып өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының аумағына аса қауіпті және карантиндік инфекциялардың таралуына жол бермеу мақсатында туберкулез ауруының эпидемиологиялық ахуалы, алғашқы белгілері, негізгі факторлары мен аурудың берілу жолдары, алдын алуға бағытталған эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шаралар бойынша ақпараттық-түсіндіру, жүргізу.
Семинар қатысушыларына туберкулез ауруы бойынша ақпарат ұсынылды, жадынамалар таратылды.