
2026 жылғы 5 наурызда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Вагонсервис» АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс аймақ филиалы қызметкерлеріне арналған «Қызылша ауруының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – қызылшаның таралуын алдын алу және халық арасында профилактикалық шараларды күшейту. Іс-шара барысында қызылша туралы негізгі мәліметтер, оның жұғу жолдары, ауруға ықпал ететін факторлар, негізгі белгілері және алдын алу шаралары түсіндірілді.
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына толық жауап беріліп, пікір алмасу жүргізілді.