
Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2026 жылға арналған медиа-жоспарының 1-тармағын орындау және басқарма басшысының 2026 жылғы 2 наурыздағы жедел мәжілісінде қаралған №09 хаттамасына сәйкес, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында 2026 жылғы 5 наурызда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Сексеуіл жол дистанциясы (ПЧ-59), Мыңбала стансасы қызметкерлері арасында «Қызылша ауруының алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – қызылша ауруының таралуының алдын алу және қызметкерлер арасында профилактикалық шараларды күшейту мәселелерін талқылау. Іс-шара барысында қызылша туралы негізгі мәліметтер, оның жұғу жолдары, аурудың дамуына ықпал ететін факторлар, негізгі белгілері және алдын алу шаралары кеңінен қарастырылды. Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.