Халықаралық АПВ күніне арналған акция өткізілді

Халықаралық АПВ күніне арналған акция өткізілді

2026 жылғы 05 наурызда Жыл сайын 4 наурызда Бүкіләлемдік папилломавирус қоғамының (IPVS) бастамасымен Дүниежүзілік адам папилломавирусымен (АПВ) күрес күні аталып өтеді. Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды-жолаушылар станциясында жолаушылар мен көлік қызметкерлерінің арасында вирустың таралу жолдары, алдын алу шаралары және ықтимал салдары туралы ақпараттандыруға бағытталған акция өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — АПВ аурушаңдығы мен таралуын азайту, халықтың денсаулығын қорғауға жауапкершілік қалыптастыру және алдын алу шараларын насихаттау. «Алдын алу өзімізден басталады» ұранымен тексеруден өту және салауатты өмір салтын ұстану маңыздылығы айтылды. Акция барысында «сұрақ-жауап» айдары ұйымдастырылып, ақпараттық материалдар — жадынамалар, лифлеттер мен буклеттер таратылды.