Қызылшаның алдын алу бойынша акция өткізілді

Қызылшаның алдын алу бойынша акция өткізілді

2026 жылғы 05 наурызда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды-жолаушылар станциясында жеке кәсіпкерлер арасында қызылшаға қарсы акция өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты – қызылшадан сақтану шаралары туралы ақпараттандыру, вакцинацияны насихаттау және аурудың таралуын болдырмау. Қатысушылар үшін «сұрақ-жауап» интерактивтік бөлімі ұйымдастырылып, ақпараттық материалдар – жадынамалар, брошюралар мен парақшалар таратылды.