Салауатты жұмыс орындарын қалыптастыру және инфекциялық емес аурулардың алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

Салауатты жұмыс орындарын қалыптастыру және инфекциялық емес аурулардың алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді

2026 жылғы 27 ақпанда Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Шалқар станциясы, Шалқар техникалық бақылау пункті, Шалқар айналым локомотив депосы («ҚТЖ-Жүк тасымалы» – «Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі» ЖШС), «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Ақтөбе магистралдық желі бөлімшесі» филиалының Шалқар жол дистанциясы, сигнализация және байланыс дистанциясы, Шалқар теміржол вокзалы, сондай-ақ «Қамқор Локомотив» ЖШС «Ақтөбе локомотив жөндеу депосы» Шалқар сервис орталығы қызметкерлері арасында «Салауатты жұмыс орындары» және «Инфекциялық емес аурулардың алдын алу» тақырыптарында семинар ұйымдастырып өткізді. Семинар барысында қызметкерлердің денсаулығын нығайту, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру, уақытша еңбекке қабілетсіздіктің алдын алу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, қатерлі ісіктердің пайда болу себептері мен алдын алу жолдары, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, жадынамалар мен ақпараттық брошюралар таратылды. Мұндай іс-шаралар еңбек ұжымдарында денсаулық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.