
2026 жылғы 27 ақпанда Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Теміржол жөндеу» ЖШС филиалы – «ПМС Бірлік» қызметкерлерімен «Қызылша: алдын алу шаралары және таралуының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында қызылшаның жұғу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары түсіндірілді. Вакцинацияның инфекциядан қорғанудың ең тиімді тәсілі екеніне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу бойынша дәрістер оқылып, ақпараттық брошюралар мен жадынамалар таратылды. Қызметкерлердің сұрақтарына жауап берілді. Мұндай іс-шаралар ұжым арасында аурулардың алдын алуға және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.