Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу және салауатты жұмыс орындарын қалыптастыру бойынша семинар өткізілді

Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу және салауатты жұмыс орындарын қалыптастыру бойынша семинар өткізілді

2026 жылғы 27 ақпанда Басқарма мамандары «Аждар и К» ЖШС (Атбасар ст.) қызметкерлеріне «Туберкулез», «Қызылшаның алдын алу», «Салауатты жұмыс орындары» жобасын енгізу қағидаттары тақырыптарында семинар өткізді. Туберкулез – көбінесе өкпені зақымдайтын, ауа-тамшы жолымен таралатын жұқпалы ауру. Инфекция көзі – науқас адам. Негізгі белгілері: 3 аптадан астам жөтел, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, салмақ жоғалту, тершеңдік. Аурудың дамуына иммунитеттің төмендеуі әсер етеді. Алдын алу мақсатында жыл сайын флюорографиялық тексеруден өту, бөлмелерді желдету, жеке гигиенаны сақтау және жөтелі бар адамдармен байланысты шектеу ұсынылады. БЦЖ вакцинациясы жүргізіледі. Туберкулез дер кезінде емделсе, толық жазылуға болады.