«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.

2026 жылғы 24 ақпанда Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Жамбыл бөлімшелік басқармасының басшысы А.А. Исенгельдин «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — заңнаманы қатаң сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу және қызметтік әдеп нормаларын ұстану болып табылады. Әрбір қызметкердің «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыруы — мемлекеттік сенім мен ашықтықтың негізі.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен жауапкершілік туралы түсіндірілді. Тәуекелдерді ішкі талдау және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары талқыланды. Қызметтік әдепті сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.