
Қостанай бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы маманы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде зертханалық зерттеулер жоспарына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг аясында «Теміржолсу-Қостанай» ЖШС Арыстансор станциясында суға санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізді.
Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг – ауыз және шаруашылық-тұрмыстық судың сапасына тұрақты бақылау жүргізуге, деректерді жинау мен талдауға бағытталған мемлекеттік жүйе. Оның мақсаты – халық денсаулығына төнетін қауіптердің алдын алу. Мониторинг барысында судың микробиологиялық және физика-химиялық көрсеткіштері бағаланады. Бұл су арқылы берілетін инфекциялық аурулардың (дизентерия, тырысқақ және т.б.) және созылмалы уланулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Тексеру кезінде микробиологиялық және физика-химиялық зерттеулер жүргізу үшін су сынамалары алынды.