
25 ақпан 2026 жыл. Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлім басшысының 2026 жылғы 16 ақпандағы №07 хаттамасына сәйкес, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында «Теміржолсу - Қызыл-Орда» ЖШС қызметкерлері арасында семинар өткізілді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы №26 бұйрығымен бекітілген су көздеріне және ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, сондай-ақ 2022 жылғы 24 қарашадағы №ҚР ДСМ-138 бұйрығына сәйкес ауыз су қауіпсіздігінің гигиеналық нормативтері түсіндірілді. Семинардың мақсаты – халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін суды пайдалану салдарынан туындайтын ішек инфекциялары, энтеровирустық инфекциялар, А гепатиті, тырысқақ, іш сүзегі, дизентерия, ротавирустық энтерит сияқты аурулардың алдын алу шараларын талқылау болды. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.