
2026 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Транспорттық және Әскери департаменттерінің қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау және қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізді. Іс-шара Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы алаңында ұйымдастырылды.
Семинарға Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тетіктері, уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезіндегі заңнама талаптары жан-жақты түсіндірілді.
Қатысушыларға бақылау-қадағалау шараларын жүргізу ерекшеліктері, мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласуға жол бермеу мәселелері және құқықтық қорғау құралдары туралы нақты ақпарат берілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығы арасындағы ашық және тиімді өзара іс-қимылды нығайту болып табылады.