
2026 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағында карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың алдын алу мақсатында Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің Түркістан бағыты бойынша мамандары «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлері үшін «Менингококк инфекциясы: клиникасы және алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында инфекцияның көзі, берілу жолдары, белгілері, клиникасы және алдын алу шаралары түсіндіріліп, әдістемелік жадынамалар берілді. Қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толық жауап берілді.