Нипах вирусына қатысты алдын алу шаралары бойынша семинар өткізілді

Нипах вирусына қатысты алдын алу шаралары бойынша семинар өткізілді

2026 жылғы 19-20 ақпанда Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары жаңа жұқпалы аурулар, соның ішінде Нипах вирусы бойынша ақпараттарды ескере отырып, «Халықаралық Алматы әуежайы» АҚ-ның жолаушылармен тікелей байланыста жұмыс жасайтын қызметкерлеріне семинар өткізді. Семинардың мақсаты – жұмысшылар арасында Нипах вирусының алдын алу шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру. Басқарманың бөлім басшысы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды түсіндіріп, бетперде тағу және жеке қорғау шараларын сақтау бойынша ұсыныстар берді.