
2026 жылғы 19 ақпанда Павлодар бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Т. Аязбаев теміржол көлігімен көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметінің сапасына және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге арналған ведомствоаралық кеңеске қатысты. Жиынға көлік прокуратурасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Павлодар облысы бойынша департаменті, сондай-ақ «Северный» жолаушылар тасымалы бойынша филиал қызметкерлері қатысты. Отырыста жұқпалы аурулардың алдын алу, жолсеріктер арасында кәсіптік қауіптерді азайту, аурушаңдықты төмендету, сондай-ақ жолаушылар үшін қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған гигиеналық нормаларды сақтау мәселелері талқыланды. Қорытынды бойынша жолаушыларды тасымалдау кезінде санитарлық қауіпсіздікті күшейту және халықтың денсаулығын қорғау шаралары белгіленді.