Жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша семинар өткізілді

Жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша семинар өткізілді

2026 жылғы 23 ақпанда гигиеналық сауаттылықты арттыру және инфекциялардың таралуын болдырмау мақсатында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Солтүстік» аймақтық филиалы Қарағанды телімінің қызметкерлеріне ақпараттық семинар өткізді. Семинар барысында қатысушыларға қызылшаның ауа-тамшылы жолмен (жөтелу, түшкіру кезінде) таралатын аса жұқпалы вирустық ауру екені, ауыр асқынуларға (пневмония, энцефалит) әкелуі мүмкіндігі және негізінен екпе алмаған балалар мен ересектерге қауіп төндіретіні түсіндірілді. Сонымен қатар «АПВ дегеніміз не және оның алдын алу жолдары» тақырыбы талқыланып, вирус тек мамандандырылған диагностикалық зерттеулер арқылы анықталатыны және оның негізгі белгілері — теріде немесе шырышты қабаттарда сүйелдер, папилломалар мен кондиломалардың пайда болуы — қатысушыларға жеткізілді. Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.