
2026 жылғы 23 ақпанда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды қаласындағы «Гиппократ» ЖШС медициналық орталығы ұйымдастырған іс-шараға қатысты. Атап айтқанда, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-нің Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесі және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі жұмыскерлерінің мерзімді міндетті медициналық қарап-тексеру нәтижелерін қорытындылау отырысы өтті. Іс-шара барысында теміржол ұйымдарының өкілдерімен мерзімді міндетті медициналық тексерулерді ұйымдастыру және сапалы жүргізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қызылшаның алдын алу, оның таралу жолдары мен сақтану шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Медициналық тексерулердің қорытындысы шығарылғаннан кейін қатысушыларға қызылша және өзге де жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.