Нипах вирусы бойынша онлайн-вебинар өткізілді

Нипах вирусы бойынша онлайн-вебинар өткізілді

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әлемдегі Нипах вирусы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты «Нипах вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдай, диагностикалау, емдеу және инфекцияның алдын алу» тақырыбында онлайн-вебинар ұйымдастырды.

Іс-шара әуежайлар, теміржол вокзалдары мен теңіз порттарының медициналық бөлімшелері қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының санитариялық-карантиндік пункттері мамандарының кәсіби даярлығын арттыруға бағытталды.

Вебинардың негізгі мақсаты – мамандарға әдістемелік және эпидемиологиялық көмек көрсету, сондай-ақ инфекцияның клиникалық көріністері, зертханалық диагностикасы және профилактикасы мәселелері бойынша білімдерін жаңарту болды.Презентациялармен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының (НЦОЗ МЗ РК) мамандары, Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталықтың өкілдері, «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының вирусологиялық зертханасының меңгерушісі, PhD докторы, «ҚМУ» КеАҚ инфекциялық аурулар және фтизиатрия кафедрасының қауымдастырылған профессоры, жоғары санатты штаттан тыс бас инфекционист баяндама жасады. Осындай оқыту іс-шараларын өткізу ұлттық санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға, мамандардың ықтимал қауіптерге әрекет ету дайындығын арттыруға және Қазақстан Республикасы аумағында аса қауіпті инфекциялардың таралу қаупін азайтуға ықпал етеді. Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті профилактикалық шараларды жетілдіру, мамандардың кәсіби құзыреттерін дамыту және мемлекеттік шекараның санитариялық қорғалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.