
2026 жылғы 16 ақпандағы № 24-34-19-06-11/958-И шығыс қызметтік хатқа сәйкес (Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы) және Қызылорда қалалық орталық емханасынан 09.02.2026 жылы түскен №1784 шұғыл хабарлама негізінде «Оң өкпенің шоғырлы туберкулезі, МБТ-ДСТ, жаңа жағдай» диагнозы анықталуына байланысты, 2026 жылғы 18 ақпанда Қызылорда қаласы, Белкөл кентінде орналасқан «Вагонсервис» АҚ жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс аймақ филиалының Қызылорда телімі қызметкерлері арасында «Туберкулез ауруының алдын алу шаралары, емі және белгілері» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – туберкулез ауруының таралуының алдын алу және халық арасында профилактикалық шараларды күшейту мәселелерін талқылау. Іс-шара барысында туберкулез туралы негізгі мәліметтер, оның жұғу жолдары, аурудың дамуына ықпал ететін факторлар, негізгі белгілері, ерте анықтау тәсілдері және алдын алу шаралары кеңінен қарастырылды. Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.