
2026 жылғы 16 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында Қостанай қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының көліктегі мемлекеттік қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингтің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту болды.
Оқыту барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаның, оған теңестірілген тұлғаның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаның пара алуы немесе беруі кезіндегі құқықтық салдарлары туралы ережелері зерделенді.
Семинар қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың шараларын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттер айқындалды. Семинар соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.