
2026 жылғы 16 ақпанда
Көлік қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру және теміржол көлігі объектілерінде инфекциялық, паразиттік және кәсіптік аурулардың, сондай-ақ уланулар мен жұқпалы аурулар өршуінің алдын алу мақсатында, Қарағанды теліміндегі «Марал-Нұр» ЖШС-ның хаты негізінде Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды-Жолаушылар станциясында «Марал-Нұр» ЖШС жұмыскерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында адам папилломавирусы мен құтырманың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар жолаушылар вагондарын күтіп-ұстау және пайдалану талаптары, жолсеріктердің мерзімді міндетті медициналық тексеруден өту мәселелері талқыланды.Семинар аясында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, өзекті тақырыптар бойынша жадынамалар мен брошюралар таратылды. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормалары және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік шаралары туралы түсіндірме берілді.