COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізілді

COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізілді

2026 жылғы 12 ақпан Қостанай көліктегі бөлімшелік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ борттық тамақтану цехының қызметкерлеріне «COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында қатысушылар әлемдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратпен және сақтық шараларын сақтау талаптарымен таныстырылды. Вирус ауа-тамшы жолы арқылы жөтелу немесе түшкіру кезінде оңай таралады. Инфекцияның алдын алу үшін жеке гигиена қағидаларын сақтау (бір рет қолданылатын маскаларды пайдалану, дезинфекциялық шаралар жүргізу, кемінде 1,5–2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау) қажет. Сонымен қатар коронавирусқа қарсы вакцинация және ревакцинация инфекциядан қорғанудың тиімді тәсілі болып табылады. Іс-шара барысында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Семинарға 4 адам қатысты.