
2026 жылғы 10 ақпан Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелері басшыларына арналған семинар-кеңес өтті. Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Б.Ү. Қуанышбаев «Қызметкерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлама түскен кездегі іс-қимылдар алгоритмі және оны қорғау тетіктері» және «2026 жылғы қаңтар айындағы бөлімшелік басқармалардың орындаушылық тәртібі» тақырыптарында баяндама жасады. Баяндамасында әдістемелік ұсынымдардың мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшылары үшін бірыңғай іс-қимыл тәртібін айқындайтыны, сондай-ақ хабарлама берген тұлғаны қудалаудан және заңсыз әрекеттерден қорғау шараларын көздейтіні атап өтілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, заңнаманы және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды. Қаңтар айындағы орындаушылық тәртіпке талдау жасалып, бөлімшелік басқармаларға тәртіпті күшейту қажеттігі айтылды. Іс-шара соңында қатысушылар сұрақтарына жауап алды.